Байден мен Путин телефон арқылы сөйлесті

1464

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі тұтқындалды.

Байден мен Путин телефон арқылы сөйлесті

Байден мен Путин телефон арқылы тілдесіп, Ресей жетекшісі демократты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі жақты байланысты жақсартуға мүдделі. Тараптар алдағы уақытта ядролық қаруды қолдануды шектеуге арналған келісімді ұзартуға арналған құқықтық механизмдерді қарастырады. Пандемиямен бірлесіп күреседі және сауда-экономикалық байланыстырды жақсартпақ. Халықаралық мәселелер де талқыланды. Оның негізгісі – Иранның ядролық бағдарламасы, Украина мәселесі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саммитін өткізу бастамасы.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы телефон арқылы сөйлесу бастамасын Байденнің көтергенін айтты. Ол Навальныйдың бостандыққа шыққанын қалайды. Оны қолдау үшін бейбіт шеруге шыққандарға қысым көрсетуге қарсы. АҚШ-тың ұлттық мүддесін қорғау жолында ол Ресейдің агрессиялық әрекеттерін жауапсыз қалдырмайды.

Фото: thebell.io

Қырғызстанның экс премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев заңсыз байыды деп айыпталып, қамауға алынды. Бұл туралы аталған елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Сондай-ақ, күштік құрылым өкілдері Абылгазиевтің меншігіндегі заттардың тізімін жариялады. Онда "Құмтор" алтын өндіру кеніші, бірнеше элиталы пәтер мен коттедждер бар. Айыптаушы тараптың айтуынша, оларды жасыру үшін күдікті мүліктерді басқа адамдарға тіркеп отырған.  

Айта кетейін, бұрынғы үкімет басшысы, қызметте болған кезінде, яғни  2020 жылдың мамыр айында  парламентте  радиожиіліктерді заңсыз сату туралы жанжал шыққан. Салдарынан мемлекетке млндаған шығын келіп, ол өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

Қытай пандемия туралы бұрын жасырылып келген ақпаратты жариялады. Бұл туралы Уханьда жүрген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобының мүшесі мәлімдеді.

Белгілі болғандай өткен көктемде Ухань вирусология институтының ғылыми базасы жойылып, 20 мың жазба өшіріліп тасталған. Зертхана басшылығы мұны "қауіпсіздік үшін жасадық" деп ақталған. Бүгінде деректер ғалымдардың қолына түскен және бұл коронавирустың нақты қайда пайда болғанын білуге көмектесуі мүмкін. Аспан асты елінің вирусологтары "Covid-19"-дың отаны Қытай емес деген сенімде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да індеттің ошағы Ухань деп сеніммен айтуға болмайды деп отыр. Вирустың бассқа жерде пайда болуы да әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу