Байден мен Путин Украина жайында әңгімелесті

1479

Келіссөз Америка жолдаған жазбаша өтінішке байланысты өтті, деп хабарлайды РБК.

Байден мен Путин Украина жайында әңгімелесті

Президенттердің әңгімесі шамамен бір сағатқа созылды. Джо Байден мен Владимир Путин Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады.

Әңгіме барысында Путин Батыстан қару-жарақ жеткізілу қаупі бар екенін мәлімдеді.

Байден Украинаға "шабуыл" жалғасса, Мәскеу зор шығынға батуы мүмкін екенін және жалпы жағдай Ресейдің әлсіреуіне әкеп соғатынын ескертті.

Сондай-ақ ол Путинге "АҚШ бұрынғыша дипломатиялық қарым-қатынастарға да, басқа да сценарийлерге дайын" екенін ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу