Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

940

Ақ үй басшысы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы жағдайға алаңдаушылығын білдірген.

Байден мен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы алғаш келіссөзін жүргізді. Олар коронавирусқа қарсы күрес, климаттың өзгеруі және қару-жарақтың таралуын тежеу сияқты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Ақ үйдің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қос көшбасшы COVID-19 пандемиясына қарсы тұру, денсаулық сақтау саласындағы тегеуріндер, климаттың өзгеруі және қару-жарақтың таралуын болдырмауға қатысты пікір алмасты", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Байден Гонконгтағы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы және Тайваньдағы жағдайға алаңдаушылығын білдірген. Америкалық президент Қытай халқына ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылға арналған құттықтауы мен ізгі тілектерін жолдады.

"Америкалықтарға тиімді болса, Қытаймен бірлесе жұмыс жасайтынымды оған айттым", – деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу