Байден мен Трамп Газа мәселесін бірлесіп шешпек

157

Израиль шенеуніктері ХАМАС әлі де Газада 101 адамды кепілде ұстап отырғанын және олардың кемінде 50-і тірі екенін айтты.

Байден мен Трамп Газа мәселесін бірлесіп шешпек Фото: ria.ru

АҚШ Президенті Джо Байден Ақүйде екі сағатқа созылған кездесуде АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптан Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату үшін бірлесіп жұмыс істеуді сұрады, деп жазады Axios.

Джо Байден сәрсенбі күні Газада тұтқынға алынған америкалықтардың отбасы мүшелерімен кездесті.

Ол өз кезегінде қызметіндегі қалған екі айын Газадағы жағдайды бейбітшілікке әкелгісі келетінін жеткізді.

–Біз жаңа командамен ортақ мақсатта жұмыс істеуге, кепілге алынғандарды босату үшін ұжымдық күш жұмсауға дайынбыз, – деді Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 43 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу