Байден Мысыр мен Қатарды ХАМАС-қа қысым жасауға шақырды

233

Израильдің ХАМАС-қа ұсынған мәміле лаңкестер ұстаған барлық кепілге алынған адамдарды босатқан жағдайда 40 күнге атысты тоқтатуды көздейді.  

Байден Мысыр мен Қатарды ХАМАС-қа қысым жасауға шақырды Фото: www.rbc.ua

АҚШ президенті Джо Байден Мысыр мен Катарды Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер аясында исламистер кепілге алған барлық тұтқындарды босату үшін ХАМАС террористік ұйымына қысым көрсетуге шақырды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Джо Байден Катар Әмірі Тамим бен Хамад Аль Танимен, сондай-ақ Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті. Кепілге алынған адамдарды босату мәселесі - "атысты тоқтату режимін дереу орнатуға және Газа секторының бейбіт тұрғындарының жағдайын жеңілдетуге бірден-бір кедергі", - деп атап өтті Америка мемлекетінің басшысы көшбасшылардың әрқайсысымен тілдесу барысында.

АҚШ, Катар мен Мысыр — Израиль мен оған шабуыл жасаған ХАМАС террористік ұйымы арасындағы қақтығыстың маңызды делдалдары, деп еске алады AFP агенттігі.

Мысыр, Катар және ХАМАС өкілдері 29 сәуірде Каирде келіссөздер жүргізді, бірақ еш нәтиже байқалмады — ХАМАС тарапынан ешқандай реакция болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу