Байден өлім жазасын алып тастамақшы

732

Бұған дейін АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд федералды деңгейде өлім жазасына мораторий жариялаған еді.

Байден өлім жазасын алып тастамақшы

АҚШ президенті Джо Байден өлім жазасын жоюды көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Президент өлім жазасына қарсы екенін нақты білдірді. Ол бас прокурор жасаған қадамдарды құптайды", – деді Псаки.

Оның айтуынша, Байденнің командасы алдағы уақытта осыған қатысты тиісті шаралар қабылдамақ.

Бұған дейін АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд федералды деңгейде өлім жазасына мораторий жариялады. Мораторий әділет министрлігінің тиісті рәсімдерін тексеріп болғанға дейін  созылады.Ескере кететін жайт, АҚШ-та өлім жазасына федералды деңгейде рұқсат етілген. Бірақ 23 штат, сондай-ақ ел астанасы мен Пуэрто-Рико жергілікті деңгейде ең жоғары жазадан бас тартты.

Өлім жазасы туралы ақпарат орталығының (Death Penalty Information Center) мәліметі бойынша, биыл үш өлім жазасы орындалды.  2020 жылы 17 адам өлім жазасына кесілген болатын. Орталықтың дерегінше, 2020 жылдың қазан айында АҚШ-та өлім жазасына кесілгендердің саны 2,5 мыңнан асты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу