Бұл туралы РАР агенттігіне Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Петр Вавжик хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Кеше ғана америкалық көшбасшы Киевке ойда жоқта іс-сапармен келіп, украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Байден Украина астанасына Польшадан пойызбен келіп, сол жолмен оралды. Решув-Ясенка әуежайында оны Варшаваға жеткізген ұшақ күтеді.
БАҚ-тың хабарлауынша, Варшавада Байден америкалық президенттер әдетте жайғасатын Marriot қонақ үйіне барады.
АҚШ Президентінің келуіне байланысты Польша астанасында күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізілді. Қару алып жүруге тыйым салынып, полицияның қосымша күштері тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу