Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденнің оны "қанішер" деп атағаннан кейін, америкалық әріптесімен телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz .
Байден cұхбат барысында оны осындай сөзбен сипаттағаннан кейін, Путинге қоңырау шалған. "Біз сөйлесіп түсініскендей болдық, не себепті олай дегенін айтып түсіндірді. Сөздері көңілімнен шықты", – деді Путин.
Екі президенттің кездесуі Женева уақыты бойынша сағат 13:35-те басталып, бір сағат бұрын аяқталды. Путин мен Байден үш жарым сағат бойы сөйлесті. Кездесудің қорытындысы бойынша саясаткерлер баспасөз мәслихатын бөлек өткізуді ұйғарды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу