Байден Путинмен адам құқығы мәселесін талқыламақ

817

Саммит 16 маусымда өтеді.

Байден Путинмен адам құқығы мәселесін талқыламақ

АҚШ президенті Джо Байден 16 маусымда Женевада Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путинмен кездесу барысынжа адам құқығы мәселесін көтеруге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Мен президент Путинмен бірнеше аптадан кейін Женева қаласында жүздесемін. Адам құқығының бұзылуына жол бермейтінімізді, қол қусырып қарап отырмайтынымызды айтқым келеді", –деді Байден Делавэр штатындағы шарада сөйлеген сөзінде.

Ақ үй басшысы өз сөзінде АҚШ-ты "ерекше ел" деп атады. Бірақ алдағы саммитке қатысты басқа мәлімдеме жасамады.

Ескере кететін жайт, Путин мен Байден 16 маусымда Женевада кездеседі бас қосады. Бұл 2018 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейдегі кездесу болайын деп тұр. Сол жылдың шілдесінде Путин АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен Хельсинка қаласында жүздескен болатын. Ресей мен АҚШ басшылары Ресей-АҚШ қатынастарының жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде пандемиямен күрес және аймақтық қақтығыстарды шешу мәселелерін талқыламақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу