Байден райынан қайтып, Израильге қару сатып алуға $1 миллиард беретін болды

195

Өткен аптада Байден Израиль Рафахта әскери операцияны бастаса, оған қару-жарақтың кейбір түрлері берілмейтінін айтты.

Байден райынан қайтып, Израильге қару сатып алуға $1 миллиард беретін болды Фото: Джо Байден (getty images) / rbc.ua

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Конгресті Израильге 1 миллиард доллардан астам қару-жарақ жеткізуге жаңа келісімшарттар жасалып жатқанынан хабардар етті, деп жазады Inbusiness.kz сайты Wall Street Journal ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, бөлінген ақшаға құны $700 млн танктерге арналған оқ-дәрілер, $500 млн сомасына тактикалық көлік құралдары мен $60 млн-ға миномет снарядтары жеткізіледі. Оқ-дәрілер ХАМАС соғысы кезінде пайдаланылған қорларды толықтыруға арналған.

Өткен аптада Байден Израиль Рафахта әскери операцияны бастаса, оған қару-жарақтың кейбір түрлері берілмейтінін айтты.

"Егер Израиль әскерилері қаланың тығыз қоныстанған аудандарына кірсе, мұндай шешім қару-жарақты жеткізуге әсер етеді. Ауқымды шабуылға қару-жарақ бөлінбейді", - деді ол CNN-ге берген сұхбатында.

Ақ үйдің басшысы Рафахтағы Израильдің ауқымды операциясы "мүлдем қате шешім" екенін атап өтті.

"Біз мұндай мақсатта қару-жарақ, артиллериялық оқ-дәрілерді жеткізбейміз", - деп қосты ол.

Сонымен бірге, Америка президенті АҚШ кез-келген жағдайда Израильдің әуе қорғанысы жүйесіне қажет нәрсенің бәрін беруді жалғастырады деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу