Байден Ресейді терроризм демеушісі ретінде көрмейді

620

Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам күтпеген салдарға әкелуі, тіпті, Украинадағы жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Байден Ресейді терроризм демеушісі ретінде көрмейді

АҚШ Президенті Джо Байден Ресейді терроризмнің демеушісі ретінде қарастырмау туралы түпкілікті шешім қабылдады. Ақ үй мұндай қадамның күтпеген салдары болатынын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Голос Америкиға" сілтеме жасап.

"Ресейді терроризмнің демеушісі ретінде мойындау керек пе?" деген журналистердің сұрағына Байденнің "жоқ" деген жауабы Капитолий төбесі мен шетелдік астаналарда Ресейді Куба, Иран, Солтүстік Корея және Сирия кіретін қысқа тізімге енгізу керек пе, деген қызу пікірталастың нүктесін қойды.

Мұндай атақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы шетелдік үкіметтің "халықаралық терроризм актілеріне бірнеше рет қолдау көрсеткенін" анықтаған кезде беріледі.

Шын мәнінде, мұндай мәртебе алған ел АҚШ-тың көмегіне шектеулер енгізу арқылы "оқшауланады" қорғаныс өнімдерін экспорттауға және сатуға тыйым салу, қосарланған тауарларды бақылау мен басқа да бірқатар санкцияларға ұшырайды.

"Мұндай мәртебені беру Украина мен бүкіл әлем үшін күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, гуманитарлық сарапшылар мен біз сөйлескен ҮЕҰ-ның пікірінше, бұл Украинаның аймақтарына көмек көрсету мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін", – деп Ақ үйдің өкілі Карин Жан-Пьер Президенттің ой-пікіріне түсініктеме берді.

"Тағы бір мәселе, бұл маңызды гуманитарлық және коммерциялық ойыншыларды жаһандық азық-түлік дағдарысын жеңілдету үшін азық-түлік экспортына жәрдемдесуден алшақтатып, Қара теңіз порттары туралы келісімге қауіп төндіруі мүмкін", – деп жалғастырды Жан-Пьер.

– Бұл сонымен бірге (Ресей президенті) Путинді жауапқа тартуда тиімді іс-шаралалар нәтижесін жояды және біздің Украинаны келіссөздер үстелінде қолдау көрсету мүмкіндігімізге нұқсан келтіруі мүмкін, сондықтан Ресейге аталмыш мәртебені беру тиімді әрі нәтижелі шешім деп ойламаймыз, – деді ол.

Ресейдің терроризмнің демеуші мемлекеті деп жариялауының басты жақтаушысы – Украина Президенті Владимир Зеленский. Ол осы аптада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекторлары Запорожье АЭС аймағында Ресей мен Украина күштері арасындағы соғыс туралы алаңдаушылық білдірген кезде жаңа үндеу жасаған.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу