Байден Ресейдің әскери белсенділігіне алаңдаушылығын білдірді

759

Ол Мәскеуді Украинадағы шиеленісті ушықтырмауға үндеді.

Байден Ресейдің әскери белсенділігіне алаңдаушылығын білдірді Фото: inbusiness.kz

АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинге Ресей Федерациясының Украина айналасындағы "әскери белсенділігіне" алаңдаушылық білдіріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы америкалық президенттің Ресейге қатысты соңғы мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Мен Ресейдің Украина және оккупацияланған Қырыммен арадағы шекарасында әскери күшінің өсуіне алаңдаушылық білдірдім", – деді Байден.

Байден сонымен бірге Путинді Украинадағы шиеленісті ушықтырудан аулақ болуға үндегенін мәлім етті.

"Мен кез-келген әскери әрекеттен аулақ болуды сұрадым. Қазір шиеленісті азайту керек", –деді АҚШ президенті өз сөзінде.

Еске сала кетсек, Вашингтон Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, сондай-ақ Қырымға қосымша әскер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар пайда бола бастады.

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Руслан Хомчак Украинаның мемлекеттік шекарасы мен уақытша оккупацияланған территорияларында Ресейден келген 28 батальондық-тактикалық топ бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей "Батыс-2021" жаттығуларына дайындық аясында Украинаның шекараларына тағы 25 қосымша батальондық-тактикалық тобын жіберуді жоспарлап отырған көрінеді. Хомчак бұл қадам мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін басып айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу