Байден ресейлік уран импортына тыйым салатын заңға қол қойды

197

Америка Сенаты "Ресей уранын импорттауға тыйым салу туралы акт" HR 1042 заң жобасын мақұлдағаннан кейін уран бағасы күрт өсті.  

Байден ресейлік уран импортына тыйым салатын заңға қол қойды Фото: unn.ua

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден уран импорттауға тыйым салу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Дүйсенбіде, 2024 жылдың 13 мамырында президент Ресей Федерациясында немесе ресейлік кәсіпорында өндірілген сәулеленбеген, төмен байытылған уранды импорттауға тыйым салатын "Ресей уранын импорттауға тыйым салу туралы акт" H. R. 1042 Заңына қол қойды", — делінген Ақ үй хабарламасында.

Америка Сенаты 30 Сәуірде Ресейден уран импортына тыйым салатын және заң қабылданғаннан кейін 90 күннен кейін күшіне енетін заң жобасын (HR 1042) мақұлдады. Желтоқсан айында АҚШ Өкілдер палатасы мақұлдаған заң жобасы Президент Байденге қол қою үшін ұсынылды.

Сонымен бірге, АҚШ-тағы ядролық отын циклі саласындағы ең ірі компания Centrus байытылған ресейлік уранды импорттауға тыйым салу туралы заңға қол қойылғаннан кейін, өз клиенттері мен бүкіл америкалық атом саласының мүдделерін қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясынан осы стратегиялық материалды импорттауға түбегейлі тыйым салмай, жеңілдіктерді қарастыру өтінішімен бейінді ведомстволарға жүгінетінін мәлімдеді, делінген хабарламада.

Қазір АҚШ-та атом энергетикасының үлесі 20%-ды құрайды, АҚШ өзін отынмен 30%-ға қамтамасыз ете алады, Ресейден жеткізілетін уранның үлесі — шамамен 20%. Америкалық Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша,"Росатом" АҚШ-тағы 90-нан астам коммерциялық реакторлар үшін отын шикізаты ретінде пайдаланылатын байытылған уранды жеткізеді, яғни ресейліктер АҚШ үшін нөмірі бірінші шетелдік жеткізуші.

Әлемдік уран нарығындағы бағалар АҚШ-тың Ресейден уран жеткізуден бас тарту ниетінен кейін күрт өсті. "Росатом" өз кезегінде шетелдік тапсырыс берушілер алдындағы барлық міндеттемелерді толық орындайтынын бірнеше рет атап өтті. Саяси жағдай ядролық отын нарығының жұмысын тұрақсыздандырмауы керек, деп атап өтті Ресей мемлекеттік корпорациясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу