АҚШ президенті Джо Байден байларға салынатын салықты екі есе көбейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Одан түскен 1 триллион доллар көлеміндегі қаражат америкалық отбасыларға беріледі. Нақтырақ айтқанда, бала күтімі, білім беру және ақылы демалыс төлемдеріне жұмсалады. Мемлекет басшысы бұл жоспарын 28 сәуірде Конгреске ұсынбақ.
Табыс салығының максималды шекті мөлшерлемесі 37%-дан 39,6%-ға дейін көтеріледі. Ал капитал салығы екі есе артады, табысы миллион доллардан асатын адамдар үшін 39,6 пайызға дейін өседі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20% шамасында.
Бұған дейін 22 миллионға жуық америкалықтың (елдегі барлық ересек адамдардың 11%-ы) азық-түлікке мұқтаж екендігі хабарланған болатын. Балалары бар әрбір алтыншы отбасының азық-түлік сатып алатын қаражаты жеткіліксіз.
Сәуірде Байден экономиканы ынтыландыру үшін 2 трлн доллар бөлу туралы жоспарын ұсынған еді. Наурыз айының басында АҚШ Конгресінің Сенаты ел экономикасын ынталандыру үшін 1,9 триллион доллар шығындау шарасын мақұлдады.
Табиғат Нұрболат