Байден Сәуле Омарованы Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымға тағайындамақ

2079

Сәуле Омарова осы аптада жұмысқа кірісуі мүмкін.

Байден Сәуле Омарованы Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымға тағайындамақ

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымға, яғни валютаны бақылау жөніндегі басқарманың төрағасы етіп тағайындамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Омарова бұған дейін криптовалютаны сынға алып, үкіметтің банк саласындағы рөлі басымырақ болуы керек деген ұстанымын білдірген еді.  

Blomberg агенттігінің хабарлауынша, ол осы аптада жұмысқа кірісуі мүмкін. Қазақстан тумасы осы қызметке тағайындалған алғашқы әйел болмақ. Әзірге Ақ үй бұған қатысты ресми мәлімет жарияламады. 

Сәуле Омарова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол жөніндегі департаментіне қызметке орналасты. 2014 жылы департамент басшының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол – 2014 жылдан бері Корнелл университетінің заң факультетінің профессоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін ол АҚШ-тың Қаржы министрлігінің реттеу саясаты жөніндегі арнайы кеңесшісі болып жұмыс істеген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: nytimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу