Байден Тихановскаямен кездесті

895

Ақ үй Беларусьқа қарсы тағы да санкция жарияламақ.

Байден Тихановскаямен кездесті

АҚШ президенті Джо Байден Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаямен кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Ақ үйде Тихановскаямен кездестім, бұл мен үшін үлкен мәртебе болды. Америка Құрама Штаттары Беларусь халқының демократия мен адам құқығын сақтауға ұмтылуын қолдайды", – деп жазды Байден өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Ескере кететін жайт, Ақ үй Беларусьқа қарсы жаңа санкцияларды дайындап жатыр. Ресми Вашингтон  шектеулерді бірнеше аптадан кейін жарияламақ. 

Тихановская АҚШ-қа 18 шілдеде келді. Өткен аптада ол АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуландпен және Мемлекеттік департаменттің кеңесшісі Дерек Шоллемен кездесті, кездесуге Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен де қатысты. Сонымен қатар Тихановская АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанмен жүздесті.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу