Байден Трамп қол қойған жарлықтардың күшін жойды

1224

20 қаңтарда оны ұлықтау рәсімі өтті. 

Байден Трамп қол қойған жарлықтардың күшін жойды

АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден қызметіне кіріскен бойда бұрынғы президент Дональд Трамп қол қойған жарлықтардың күшін жойды. 

Нақтырақ айтқанда, ол АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кері қайтару туралы құжатқа қол қойды. Трамп өткен жылдың шілдесінде ұйымды коронавирус індеті туралы ақпаратты жасырып, Қытайдың ықпалында қалды деп айыптап, ДДСҰ-дан шығу процесін бастаған еді. 

Сонымен қатар Байден Құрама Штаттарды климат жөніндегі Париж келісіміне қайтадан кіргізді. Жаңа президент Мексикамен арадағы шекарада салынып жатқан дуал құрылысын тоқтатып, шекарадағы төтенше жағдай режимін алып тастады. 

Сондай-ақ ол Таяу Шығыстағы бірқатар елдің тұрғындарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын шектеулердің күшін жою туралы туралы шешім қабылдады.

Трамп 2017 жылы Иран, Ливия, Сирия, Йемен, Сомали, Судан және Ирак азаматтарының АҚШ-қа енуіне тыйым салған еді. Жарлықты жергілікті сот органдары заңсыз деп танығаннан кейін, тізімнен Ирак пен Судан  шығарылды, бірақ Чад пен Солтүстік Корея қосылған еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу