АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трампқа билікті бейбіт жолмен беруді қамтамасыз етуге уәде берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мен президент ретіндегі міндетімді атқарамын. Антымды орындаймын және Конституцияны сақтаймын. 20 қаңтарда Америкада биліктің бейбіт жолмен ауысуы болады", – деді Байден халыққа жолдауында.
Қазіргі президенттің айтуынша, ол өз әкімшілігіне "биліктің бейбіт әрі тәртіппен ауысуы үшін" мұрагерінің командасымен тікелей жұмыс істеуді тапсырған. Ол сондай-ақ бір күн бұрын Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын атап өтті.
Байден сондай-ақ АҚШ сайлау жүйесінің "адалдығы, әділдігі мен ашықтығына" сенім білдірді. Сайлаудағы жеңіліс демократтар жеңілді дегенді білдірмейді, деп өз жақтастарын берілмеуге шақырды.