Байден тұрғын үй апатынан кейін төтенше жағдай режимін жариялады

736

Флоридадағы Майами-Бич қаласының маңындағы 12 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлап, ондаған адам қираған үйдің астында қалды. 

Байден тұрғын үй апатынан кейін төтенше жағдай режимін жариялады

АҚШ президенті Джо Байден көп қабатты тұрғын үй апатынан кейін Флорида штатында төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Ақ үй басшысы оқиғаның салдарын жою және қоқыс астында қалған адамдарды құтқару үшін жергілікті билікке федералды көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Жергілікті төтенше қызмет өкілдеріне АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі федералды басқармасы қолғабыс етпек.

Бұған дейін Байден баспасөз мәслихатында Флоридадағы оқиға туралы мәлімдеме жасауды ұмытып кете жаздағаны жарияланған еді. Брифинг барысында вице-президент Камала Харрис апатты есіне салғаннан кейін, Байден көпшіліктен кешірім сұрап, тұрғын үй апаты туралы сөз сөйледі. 

24 маусымда Флоридадағы Майами-Бич қаласының маңындағы 12 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлағаннан кейін, ондаған адамның қираған үйдің астында қалғаны хабарланды. Жергілікті биліктің айтуынша, құтқарушылар тек бір адамның денесін тапқан. Әзірге қанша адамның құлаған үй астында қалғаны белгісіз.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу