Байден Түркияға қарсы салынған санкцияларды ұзартты

917

Анкараға қарсы қара тізім 2019 жылы бекітілген болатын. 

Байден Түркияға қарсы салынған санкцияларды ұзартты

АҚШ билігі Анкараның Сириядағы әрекеттеріне байланысты Түркияға қарсы салынған санкцияларды ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үй мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

Байден Сирияның солтүстік-шығысындағы түрік әскери күштерінің операциялары ДАИШ лаңкестік ұйымының содырларын жеңуге жол бермей отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Анкараның саясаты бейбіт тұрғындарға қауіп төндіріп, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіруде.

17 қыркүйекте АҚШ-тың Қаржы министрлігі Түркияның бес азаматын халықаралық террористер және санкция салынғандар тізіміне енгізгенін хабарлады. Олар "Аль-Каида" террористік ұйымын қолдады деп айыпталды.

Еске сала кетсек, америкалық тарап 2019 жылдың қазан айында Сирияға байланысты Анкараға шектеулер енгізген еді. Қара тізімге елдің Қорғаныс министрі, Бас штабтың бұрынғы қолбасшысы, тіпті Қорғаныс министрлігі мен Энергетика министрлігі қосылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу