Америкалық көшбасшы Джо Байден Abrams танктері келесі аптада Украинаға жеткізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Мен АҚШ-тың Украинаға артиллерия, оқ-дәрілер, танкке қарсы күрес құралдары кіретін жаңа әскери көмек траншын мақұлдадым. Келесі аптада алғашқы америкалық Abrams танктері Украинаға жеткізіледі", - деді ол.
Бұған дейін журналистерге арналған тұрақты брифингте Пентагонның баспасөз хатшысы бригадалық генерал Патрик Райдер Abrams-тың Киевке жеткізілімдері жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және техника Украинаға "алдағы күндерде немесе апталарда" келетінін хабарлаған еді.
Сонымен қатар, Байден АҚШ Украинаға Әуе қорғанысы құралдарын жеткізуді арттыратынын, соның ішінде Hawk жүйесінің жаңа батареяларын тарататынын атап өтті.