Байден Украинаға барды

618

АҚШ президенті Джо Байденнің Киевте Михайлов алаңындағы фотосуреттері әлеуметтік желіде тарады. 

Байден Украинаға барды Фото: www.unian.net

20 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Еуропаға сапарын күтпеген жерден Киевтен бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Ол алдымен Польшаға келуі керек еді, бірақ Байден Украинаның астанасына жол тартты. Бұл оның Ресей Федерациясының шабуылынан кейінгі Украинаға алғашқы сапары.

АҚШ көшбасшысы Украинаға да бара алады деген болжамдар аясында Ақ үй 20-22 ақпанда Джо Байден тек Польшаға барады, Америка президенті Еуропада басқа аялдамалар жасамайтынын хабарлаған еді. Politico журналының хабарлауынша, АҚШ Президентінің көмекшілері Байденнің Украинамен шекараны жасырын түрде кесіп өту мүмкіндігін қарастырды, бірақ қауіпсіздік шараларына байланысты мұндай сапар о баста мүмкін болмайтыны айтылды.

Алайда, 20 ақпанда таңертең Киевте көптеген көшелерде, соның ішінде орталық аудандарда және АҚШ елшілігіне жақын жерлерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Дегенмен бүгін американдық немесе басқа да жоғары делегациялардың Киевке сапары туралы ресми хабарламалар болған жоқ. Сонымен бірге, Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Мельник бүгін "дайындалып жатқан тосын сый сәтті өтеді" деген үмітін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу