Байден Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіретінін айтты

736

Өткен саммитте НАТО басшылары Украина мен Грузияның одаққа қосылу құқығын қолдады.

Байден Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіретінін айтты

АҚШ президенті Джо Байден Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Оның айтуынша, Украина альянстың критерийлеріне сай келіп, сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге тиіс. 

"Украинаның альянсқа қабылдануы оның талаптарды орындауына  байланысты. Олар сыбайлас жемқорлық мәселесін шешіп, НАТО-ға кіру үшін басқа критерийлерге сәйкес болуы керек", – деді Байден НАТО-ның Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында.

АҚШ президенті Украинаны НАТО-ға қабылдау туралы шешім Құрама Штаттарға ғана емес, одақ мүшелерінің қалай дауыс беретініне де байланысты болатынын атап өтті.

Брюссельде өткен альянс саммитінде НАТО басшылары Украина мен Грузияның одаққа қосылу құқығын қолдап, реформаларды жалғастыру қажет екенін мәлімдеді. Бірақ бұл елдердің ұйымға кіру мерзімін атаған жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу