Бұл туралы Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, The Washington Post басылымы хабарлады.
Шамасы, Киев шағымдарының қазірдің өзінде өрескел талаптарға айналғаны Вашингтонның шамына тие бастаған.
Оған қоса екі көшбасшының бәріне аян, ашық қарым-қатынасы жалпы демократтардың, әсіресе, Байденнің рейтингіне кері әсерін тигізуде. АҚШ-та американдықтардың өздері көмекке мұқтаж болған кезде Украинаға неге үлкен сома бөлу керектігін түсінбейтін азаматтар саны артып келеді. Мысалы, "Иэн" дауылынан зардап шеккен Флорида тұрғындары көмекке зәру.
Әрине, мұндай жағдайда Киевтің әдетке айналған шағымдары Байден үкіметіне жақпайтыны орынды. Сондықтан АҚШ басшысы Зеленский жасаған жақсылықты бағаламаса, көмек көрсету тоқтатылатынын айтқан көрінеді.
"Байден украиналық көшбасшыға жеке кездесуде Зеленский берілген көмекті місе тұтпай, аздық көруді жалғастыратын болса, конгресстен ақша сұрау қиынға түсетінін айтты", – деп жазды баспа.
Газет Зеленский АҚШ пен Батыстың басқа елдерінен Киев режиміне қосымша қару-жарақ жіберуді үнемі талап ететінін еске салды, ал Киевке онсызда бұрын-соңды болмаған көмек көрсетілді.
Сондықтан американдық элиталарда, тіпті демократиялық партияның өзінде екі тарапқа бөліну байқалады. Бұл процесс республикашыларға 8 қарашадағы сайлаудан кейін конгресстің төменгі палатасын бақылауға кепілдік береді.