Жойқын өрттерден кейін Гавайиге келген АҚШ президенті Джо Байденнің жолында оның автоколоннасын қолдарына экс-президент Дональд Трампты қолдайтын сөздер мен ұрандар жазылған плакаттар ұстаған жұртшылық қарсы алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің журналистері хабарламасына сілтеме жасап.
Президент және онымен бірге жүретін автоколонна өртенген үйлер арасымен өтіп, тілсіз жаудың залалын өз көзімен көріп танысты.
Дала өрті 9 тамызда Американың Гавайи штатындағы Мауи аралында басталды. Қатты желдің әсерінен өрт Лахайна туристік қаласына тез тарап, қала толығымен өртеніп кетті. Кем дегенде 4,5 мың адам баспанасыз қалды. 114 адам қайтыс болғаны белгілі.