Байденнің баласы жазаланады

711

Хантер Байден салық төлемегені және есірткі пайдаланғаны үшін айыпталды.  

Байденнің баласы жазаланады Фото: ВВС

АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы, салық төлемегені үшін шартты жазаға кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Хантер Байден Әділет басқармасы таңған, 2017-2018 жылдары табыс салығын қасақана төлемеді деген айыпты мойындады. Ол 2 жыл Украина мен Қытайда жұмыс істеген кезде қомақты қаржысын жасырған.

Бұған қатысты тергеу ісі Дональд Трамптың тұсында басталған еді. Хантер Байденнің есірткі пайдаланып, заңсыз тапанша сатып алғаны да әшкере болды. Бірақ, айыптаумен келісіп, салықтан жалтарғанын мойындағаны үшін Делавэр штатының бас прокуроры оны қылмыстық қудаламауға уәде берген.

Республикашылдар болса, президенттің ұлы жеңіл жазамен құтылып кетпек деп, сынға алды. Жеке мүддесі үшін өзінің не туысының лауазымын пайдалану АҚШ-та қатаң жазаланады. Сондықтан, сарапшылардың пікірінше, оппозиция бұл жағдайды келер жылы өтетін президенттік сайлауда Джо Байденге қарсы пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу