Байденнің бұрынғы көмекшісі Ресей азаматтығын алды

513

Тиісті жарлық Кремль сайтында жарияланды.  

Байденнің бұрынғы көмекшісі Ресей азаматтығын алды Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің экс-көмекшісі Тара Ридке Ресей азаматтығын берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тара Рид 1990 жылдардың басында Джо Байден сенатор болған кезде оның кеңсесінде көмекші болып жұмыс істеген. 2020 жылы Байден президенттікке үміткер болған шақта Рид оны қызмет барысында жыныстық бопсалауға әрекет жасады деп айыптаған еді.

Байденнің штабы бұл айыптауларды жоққа шығарған, ал ресми тергеу ісі қозғалған жоқ. 2023 жылы Тара Рид Ресейге қоныс аударды. Ол бұл шешімін АҚШ-та өзіне қысым көрсетіліп, қауіп төнгенімен түсіндірген.

Жалпы Ресей заңнамасы бойынша азаматтық алу үшін шетелдіктер ел аумағында кем дегенде 5 жыл заңды негізде тұруы қажет. Дегенмен, ерекше жағдайда президенттің жарлығымен бұл мерзім қысқартылып, азаматтық берілетін жағдайлар кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу