Байденнің кесірінен әлем АҚШ-ты сыйлаудан қалды – Трамп

181

Оның айтуынша, қазір Қытай төрағасы Си Цзиньпинь, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын, Ресей президенті Владимир Путин ел аузында.

Байденнің кесірінен әлем АҚШ-ты сыйлаудан қалды – Трамп Фото: AP/ golosameriki.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазіргі америкалық көшбасшы Джо Байден кесірінен әлем Американы сыйлаудан қалды — америкалықтар бұрынғыдай құрметке ие емес және оны ел тарихындағы ең төменгі деңгей деуге болатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Қытай төрағасы Си Цзиньпиньге, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынға, Ресей президенті Владимир Путинге қараңыз, олардың барлығы бірінші рөлдерде. Біз бүкіл әлемнің құрметінен айырылдық. Біз төрт жыл бұрын әлемдегі ең құрметті ел болдық, енді олар бізге күліп қарайды, біз әзілге айналдық", - деді Трамп Нью-Йорктегі жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, оның пікірінше, Байден "ел тарихындағы ең нашар президент, не істеп, не қойғанын білмейді –  елді тозаққа тартып жатқанын түсінбейді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу