Байденнің президент ретіндегі алғаш брифингі өтеді

482

Инаугурация 2021 жылдың 20 қаңтарында өтуге тиіс.

Байденнің президент ретіндегі алғаш брифингі өтеді

30 қарашада АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеттім деп жариялаған Джозеф Байденнің президент ретіндегі алғаш брифингі өтеді. Бұл туралы оның штабы мәлім етті. Брифинг барысында ол арнайы қызмет өкілдерінен тиісті ақпаратты алады. Содан кейін Байден өтпелі кезең жөніндегі кеңесшілермен кездеседі. 

Бұған дейін қазіргі президент Дональд Трамп билікті демократ Джозеф Байденге тапсыру туралы шешім қабылдаған еді. Дегенмен ол өзінің жеңіліс тапқанын мойындап отырған жоқ, сайлау қорытындысы туралы шағымын сотқа жіберген болатын. 

Келесі президенттің инаугурациясы 2021 жылдың 20 қаңтарында өтуі тиіс.

Еске сала кетсек, Құрама Штаттарда 3 қараша күні президенттік сайлау өткен еді. Бірқатар америкалық басылымның алдын ала есебі бойынша, сайлауда Байден басым түскен. Ол өзін халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған президент деп жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу