Байденнің сөзіне ашуланған Трамп қоқыс таситын көлікті тізгіндеп, қала көшелерін жүріп өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Байденнің бұл мәлімдемесі нағыз масқара", – деді Трамп Висконсин штатында.
Саясаткерді америкалық телеарналар "Трамп" деген жазуы бар жүк көлігінің жолаушылар отырғышында шағылыстыратын жилет киіп отырғанын түсіріп алған.
"Менің қоқыс таситын көлігім сізге қалай, ұнай ма? Бұл Камала (Харрис) мен Джо Байденнің құрметіне", – деді Трамп терезеден еңкейіп.
Бұған дейін Байден бұрынғы мемлекет басшысы және алдағы президенттік сайлауда Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамптың жақтастарын "қалдықтарға" теңеген. Кейінірек Ақ үй АҚШ президенті Трамптың Нью-Йорктегі митингісінде саясаткердің жақтастарының өздерін емес, олардың "өшпенділік риторикасын" сипаттағанын айтып, өзін ақтауға тырысты.