Байденнің тағы бір қарсыласы пайда болды

402

Жаңа кандидат АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды

Байденнің тағы бір қарсыласы пайда болды

АҚШ Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис 2024 жылы Америка Құрама Штаттарының президенттігіне Республикалық партиядан үміткер ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды.

Рон ДеСантистің 44 жаста. Флорида штатының губернаторы қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін, 2013-2018 жылдар аралығында осы штаттан АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі болған. Ол республикашыл кандидаттардың арасында бұрынғы президент Дональд Трамптың қарсыласы болып саналады.

ДеСантис Йель және Гарвард университеттерін бітірген. Заңгер мамандығын меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу