Байденнің Украинадағы әрекеті дүниежүзілік соғысқа әкеліп соғады – Трамп

896

Бұған дейін де Трамп осындай мәлімдеме жасаған болатын.

Байденнің Украинадағы әрекеті дүниежүзілік соғысқа әкеліп соғады – Трамп

АҚШ президенті Джо Байденнің Украинадағы әрекеті дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соғуы мүмкін. Құрама Штаттардың бұрынғы басшысы Дональд Трамп осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Саясаткер қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарын үлкен проблемаларға тап болып отыр деп мәлімдеді.

"Еліміз мұндай жағдайда ешқашан болған емес. Украина мен Ресейде болып жатқан оқиғалар бізге үлкен қауіп төндіруде", – деді ол.

Трамп Байденнің Украина дағдарысына қатысты әрекеттерін "ақылсыздық" деп атады. Ол АҚШ-тың рецессия жағдайында екенін айтты.Бұған дейін де Трамп Байденнің әрекеттерінің кесірінен дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін деп айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу