Байденнің ұлы 26 шілдеде сотқа тартылады

694

АҚШ-тың қазіргі президентінің ұлы Хантер Байден 26 шілдеде Делавэр сотына келеді.  

Байденнің ұлы 26 шілдеде сотқа тартылады Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбіде Reuters агенттігі сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Сейсенбіде Хантер Байден екі салықтық құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін кінәсін мойындады.

Хантер Байденге қаруды сақтауға қатысты тергеу 2018 жылы басталды, сол кезде оның Colt Cobra револьвері бар екендігі және есірткі қабылдағаны белгілі болды. Ал америкалық заң есірткі заттарын қабылдайтын немесе сақтайтын адамдарға қару сатып алуға немесе сақтауға тыйым салады.

Сонымен қатар, ол бірнеше жыл бойы салық міндеттемлерінен жалтарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу