Байденнің жеңіске жетуіне 6 дауыс жетпей тұр

1100

Трамп болса, дауыстарды қайтадан санауды талап етіп отыр.

Байденнің жеңіске жетуіне 6 дауыс жетпей тұр

АҚШ-тағы президент сайлауы қыза түсті. Дауыстар әлі саналып жатыр. Associated Press есебі бойынша Джозеф Байден сайлаушылар алқасының 264 дауысына, Дональд Трамп 214 дауысына ие. 

Дәл қазір дауыстар Аляска, Джорджия, Солтүстік Каролина, Невада және Пенсильвания штаттарында саналып жатыр. 

фото: ap.org

Трамптың штабы Пенсильвания, Мичиган, Джорджия штаттарында дауыстарды санау процесін тоқтату туралы қуыным жіберіп, Висконсиндегі дауыстарды қайта санауды талап етіп отыр.

AP болжамына сүйенсек, Байденге 270-ге жету үшін тағы 6 дауыс керек. Жалпы, Трамп Пенсильвания (20), Солтүстік Каролина (15) және Джорджия (16) штаттарында алда келеді. Бірақ биыл бұл штаттарда пошта арқылы дауыс бергендердің қатары көбейген, олардың басым бөлігі – Байденнің жақтастары. 
Осы уақытқа дейін 140 миллион дауыс тіркелген. 68 580 845-і Трамптың қолдаушылары, 72 038 041-і Байдендікі.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу