Бәйгенің бас жүлдесі – 10 млн теңге

753

Бәйгенің бас жүлдесі – 10 млн теңге

Танымал ұлттық спорт түрі бойынша турнир халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтеді, хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 3 қыркүйек күні Астана әкімдігі мен ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық федерация "Samruk-kazyna" ұлттық әл-ауқат қорының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, "Нұр Отан" партиясының, сонымен қатар "ЭКСПО-2017" ҰК қолдауымен елордада "Алтын тұлпар" аламан бәйгесін өткізеді. 

Жарыс осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл аламан-бәйге форматы бірқатар өзгерген болатын. Егер бұған дейін жүгіріп өту шеңбері 12,5 шақырымды құраса, енді 7 шақырым. Қашықтық – 51 км.

Қашықтықта әр 2 шақырым сайын бақылау пункттері орналасады, онда төрешілер, ветеринарлар, құқық қорғау органдарының өкілдері болады. Бәйгенің өту барысы бейнебақылау камераларына түсіріледі.

Ат жарыс тікелей эфирде және ЛЭД-экранда көрсетіледі.Бәйгеге Қазақстанның барлық облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларының командалары қатысады.

Бас жүлдеге 10 млн теңге тігілген. Сондай-ақ жүлделерді бірінші келген 9шабандоз иеленеді.

Бәйге Ақмола облысы, Целиноград ауданы, "Қабанбай батыр" ауылында өтеді (Астанадан 35 шақырым жерде).

Аламан бәйге 3-қыркүйек күні 11:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу