"Atameken Business"-дің (abctv.kz) журналисі Қанат Маханбетов Алматыда ұйымдастырылған ұлттық инновациялық байқаудың бас жүлдесін олжалады.
Әріптесіміз "Қазақ тіліндегі инновациялық тақырыпта жазылған ең үздік интернет-материал" аталамында топ жарды.
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік пен ҚР инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп ұйымдастыратын дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы өткен ХІІ инновациялық конгресс аясында марапатталды.
Байқауға мыңға жуық адам қатысқан. Атап өтерлігі, биыл қатысушылар санының көптігі жағынан өзіндік рекорд тіркелді. Себебі бұған дейін аталған байқауға мұншалықты көп адам қатысқан емес. Мәселен, былтыр 500-дей адам бақ сынаған.
Мыңның ішінен оза шауып, бәйге алған әріптесіміз Қанат Маханбетовты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!