Байкер Дмитрий Петрухин дауыс беруге мотоциклмен келді

490

"Болат атымен" бүкіл әлемді шарлаған саяхатшы азаматтық парызын атқару үшін оған жаңбыр да кедергі бола алмайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Байкер Дмитрий Петрухин дауыс беруге мотоциклмен келді Фото: almaty.tv

"Мен ешқандай сайлауды жіберген жоқпын. Өзім өмір сүріп жатқан мемлекеттің тағдырына мән беремін, сондықтан өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсетуді құрмет деп санаймын. Еліміздің туымен 400 мың шақырымнан астам жол жүрдім, әлемнің 170-тен астам елінде болдым. Қазақстан әлемдік аренада жақсы беделге ие, біздің мемлекетімізді жас әрі болашаққа қарқынды дамитын ретінде біледі. Сондықтан бізге Қазақстан деп аталатын кемемізді ұзақ әрі жарық болашаққа апаратын мықты капитанды таңдау өте маңызды", - деп пікірін білдірді Дмитрий Петрухин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу