Байқоңыр айлағынан екі мәр­те ғарышқа ұшқан голландиялық ЭКСПО-ға келді

878

Байқоңыр айлағынан екі мәр­те ғарышқа ұшқан голландиялық ЭКСПО-ға келді

Нидерланд туристерінің бір тобы ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месіне қатысу үшін Амстердамнан Астанаға келді. Олар­дың арасында белгілі голландиялық ғарышкер Андре Кауперс те бар. Ол әлемге әйгілі Байқоңыр айлағынан екі мәр­те ғарышқа ұшқан, деп хабарлайды egemen.kz.
Жиырмадан астам туристің ара­сындағы ғарышкер бұл жолғы сапа­ры­ның да қызықты әрі әсерлі болатынына се­німді. 

"ЭКСПО – өте қызықты шара, оған көптеген турист келуге тиіс деп ойлаймын. Көрме әдемі жерде орналасқан, бәрін жақсы қарсы алатынына сенімдімін. Мен Астана мен Байқоңырда бірнеше рет болдым. Бірақ ұшуға дайындықтан өтіп жатқандықтан, еліңіздің басқа жерлеріне баруға мүмкіндігім болмады. Бұл жолы керемет әсер алатын түрім бар. Байқоңыр – адамзаттың ғарышты игеру тарихы басталған өте маңызды орын, әлі күнге дейін пайдаланылып жүр. Мен Юрий Гагариннің ізімен осы жерден екі рет ғарышқа ұшқанмын. Бұл – адамзаттың арманы ақиқатқа айналатын киелі жер. Қазақстанның болашағы зор, мұны біз Астанаға қарап айта аламыз. Әлемде талай дағдарыс болып жатқан кезде де тұрақтылығын сақтап тұр. Қазақстан мен Нидерланд арасында тығыз қарым-қатынас орнаған, осы әріптестігіміз, әсіресе, ғарыш саласында жалғасатынына сенемін", дейді Андре Кауперс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу