Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы бойынша биыл 50 ауланы абаттандыру, 15 аулада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Елорда күні қарсаңында 20 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ тұрғын үй алаптарын дамыту бағдарламасы аясында "Казгородок" және "Кирпичный" тұрғын алаптарында қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды.
Бұл – "Кирпичный" және "Казгородок" тұрғын алаптарындағы алғашқы толыққанды скверлер. Жобаға сәйкес, абаттандыру құрылысы балалар ойын алаңы, демалыс аймағы және халыққа арналған көпфункционалды жаттығу алаңынан тұрады. Аулаларда футбол, баскетбол және стритбол алаңдары салынды. Балалар арасында жарақаттарды азайту үшін балалар алаңдарында жұмсақ резеңке жабындар төселді.
Ауданда аулаларды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табатын болады.