Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады

255

Келер жылы 90 аула кеңістігінде жалғастыру жоспарланып отыр. 

Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Байқоңыр ауданында абаттандырылған аулалардың саны 2023 жылы 205-ке дейін өсті. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтып берді.

Талғат Рахманберді өз сөзінде аудандық әкімдік жұмысының маңызды бөлігі тұрғындардың бос уақытын қолайлы өткізуіне жағдай жасау екенін айтып өтті. Жыл сайын жаңа орындар мен аулалар жабдықталады.

"Биыл 11 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 25 аулада кешенді абаттандыру жүргізілді, 42 аулада ойын және спорт аймақтары жөнделді.

Оның ішінде "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 20 аула абаттандырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесі бойынша абаттандырылған аулалар санын 205-ке дейін жетті, бұл ауданның барлық аула аумағының 84%-ын. (245 аула) құрады", - деді аудан әкімі.

Бұдан басқа, 2024 жылы тиісті қаржыландыруды бөлу кезінде ауданда 20 қоғамдық кеңістік ашу, сондай-ақ 90 аулада абаттандыру жүргізу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша 20 жаңа контейнерлік алаң орнатылып, 200 жұмыс істеп тұрған алаңға жөндеу жүргізілді, 50 күл контейнері дайындалды.

2024 жылы қолданыстағы 300 алаңды жөндеу, кеңейту және 100 күл контейнерін дайындау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу