"Байқоңыр" ауданында жалпықалалық сенбілік өтті

325

Сенбілікке барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты.

"Байқоңыр" ауданында жалпықалалық сенбілік өтті Фото: Астана әкімдігі

"Байқоңыр" ауданында жалпықалалық сенбілік барысында Тәуелсіздік-Тәшенев көшелерінің қиылысындағы саябақта жаппай ағаш отырғызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Сенбілікке ҚР Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Санджай Веди, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, елорадалық зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, мәслихат депутаттары, ЕНУ, Есіл университеттерінің студенттері, ауданның белсенді тұрғындары қатысты. 

Шара барысында жаппай ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілік барысында жалпы Байқоңыр ауданы бойынша барлығы 1000-ға жуық ағаш отырғызылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу