"Байқоңыр" бақылау-өткізу бекетінен заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы қамауға алынды

1060

Оқиға осы жылдың 1 шілдесінде болған. Құқық бұзушы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Байқоңыр" бақылау-өткізу бекетінен заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы қамауға алынды

Қызылорда облысы Төретам кентінің 29 жастағы тұрғынына қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 318-бабының 1-бөлігі (билік өкілінің өз міндеттерін орындауына байланысты оған қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қамауға алынып, көлік арестке қойылды, деп жазады inbusiness.kz КазТаг-қа сілтеме жасап. 

"Жас жігіт мас күйінде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп келе жатып, №5 бақылау-өткізу бекеті арқылы Байқоңырға өтуге тырысқан. Полиция қызметкері оның көлік құралын жүргізуді тоқтатуға тырысқанын біле тұра, құқық бұзушы заңды талаптарды елемей, қозғалысын жалғастырған. Нәтижесінде, жас жігіт полиция қызметкеріне шабуыл жасап, дене жарақатын келтірді", – деп хабарлады "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы айыпталушының Қазақстан азаматы екенін ескере отырып, одан әрі қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін оған қатысты қылмыстық істі еліміздің құқық қорғау органдарына жіберді. 

Айта кетейік, Байқоңырдағы құқықтық тәртіпті Ресей полициясы қамтамасыз етеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу