Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту бойынша жол картасы әзірленеді

1300

Басты мақсат – ғарыш айлағы арқылы инвестиция тарту. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту бойынша жол картасы әзірленеді

"Байқоңыр кешені туралы айтар болсақ, қазір ғарыш айлағының жүктемесі төмендегенін байқауға болады. Ұшатын айлақтардың саны да азаюда. Бүгінде кешеннін зымырандардың екі түрі ғарышқа ұшады. Олар: Протон-М және Союз-2. Болашақта Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту жоспарланып отыр", – деді спикер. 

Комитет төрағасының сөзінше алдағы жылдары Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" жобасын құруға, Союз- зымырандары үшін Зенит-М кешенін жаңарту мен нөмірі бірінші "Гагарин стартын" жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. 

"Басты мақсат – ғарыш айлағын инвестиция тарту бағытында дамыту. Қазір біздің ұстанған бағытымыз дұрыс па? Осыны анықтау үшін шетелдік консалтингтік компаниялардың қатысуымен зерттеу жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша бізге нақты кеңестер беріледі. Сол арқылы біз Байқоңыр кешенін дамыту бойынша жол картасын жасаймыз. Жоспар алдағы 10 жылға құрылады. Себебі 20-30 жылға жоспар құру тиімсіз болады деп есептейміз", – деді Баубек Оралмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу