Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-27" кемесі сәтті ұшырылды

1360

Зымыранның ұшырылуы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған. 

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-27" кемесі сәтті ұшырылды Фото: АвиаСтат

"Союз МС-27" кемесімен және Халықаралық ғарыш станциясының 73-ші ұзақ мерзімді экспедициясы экипажының үш мүшесімен басқарылатын "Союз-2.1а" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші ("Восток") алаңынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресейлік басылымының жазуынша, экипаж құрамында Роскосмос ғарышкерлері Алексей Зубрицкий мен Сергей Рыжиков, NASA астронавты Джонатан Ким бар. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алды.

Байқоңыр ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен сағат 08:47-де (Астана уақытымен 10:47-де) "Победа зымыраны" атты зымыран ұшырылды. 

"Союз МС-27" кемесі ХҒС-ға өте қысқа екі айналмалы траектория бойынша ұшты. Станцияға дейінгі ұшу уақыты – 3 сағат 17 минут.

Экипаж орбитада 245 тәулік өткізеді деп күтіліп отыр.

Миссия барысында ондаған ғылыми эксперимент жүргізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Роскосмос хабарлағандай, Байқоңырға зымыранның ұшырылуын тамашалау үшін 2,5 мың адам келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу