"Байқоңыр" ғарыш айлағында қанша жұмысшы вакцина алды

899

Жыл басынан бері Байқоңырға "Спутник V" вакцинасының 16 мың 500 дозасы жеткізілген. 

"Байқоңыр" ғарыш айлағында қанша жұмысшы вакцина алды

"Байқоңыр" ғарыш айлағында жұмысшылардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік" ғарыш орталығындағы ("Байқоңыр" ғарыш айлағы ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығының филиалы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді) жұмысшылардың 80%-дан астамы COVID-19-ға қарсы вакцина алған. Бүгінде филиалда шамамен 4 мың жұмысшы вакцина салдырды", – деп жазылған "Роскосмос" таратқан хабарламада.

Коронавирусқа қарсы екпені алғашқы болып "Союз-2" және "Протон-М" зымыран-тасығыштарын дайындау және ұшыру бойынша бірлескен топтың мүшелері мен филиал бөлімшелерінің қызметкерлері салдырған.

Айта кетейік, 2021 жылғы қаңтар Байқоңырда екпе науқаны басталды. Осы уақыт аралығында қалаға "Спутник V" вакцинасының 16 мың 500 дозасы жеткізілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу