"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы ұшу сынақтары кейінге қалдырылуы мүмкін

553

"Союз-5" зымыраны 2025 жылдан кейін ғана сынақ үшін ұшырылады.  

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы ұшу сынақтары кейінге қалдырылуы мүмкін Фото: Qazaqstan.tv

Ашық НҚА-да 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы хаттама жобасы шықты.

Талқылау 7 тамызға дейін жалғасады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай аясында компоненттер мен материалдарды жеткізу кезінде логистикалық тізбектер үзілді, бұл жұмыс ұзақтығының ұлғаюына әкелді.  Осыған байланысты "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінің 2025 жылға арналған орта класты зымыран тасығышымен ұшу сынақтарының басталуын және жоба бойынша барлық жұмыстарды кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін Хаттамаға қол қою жоспарлануда…Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды", делінген қаулы жобасына түсіндірме жазбасында.

Қаулы жобасында келісімнің 5, 6, 8 баптарына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Енгізілетін өзгерістерде тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын 2024 жылы қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар, "2027 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранын кемінде үш сынақ ұшыруды жүзеге асыру", 2028-2039 жылдар аралығында әр жыл сайын кемінде екі ұшырылым жүргізу міндеттеледі.

"Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік ставканы қолданатын атқарушы ұйымдар осы Келісімнің 7-бабында көрсетілген атқарушы ұйымдардың тізбесінде айқындалуға тиіс", — делінген хаттамада.

Құжатты талқылау 7 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу