Байқоңыр ғарыш айлағының 1-алаңын реконструкциялау жобасы тоқтатылды

568

Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағының 1-алаңын ("Гагарин стартын") реконструкциялауға басқа елден инвестор тарту ісін тоқтатты. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Байқоңыр ғарыш айлағының 1-алаңын реконструкциялау жобасы тоқтатылды

"Араб Әмірліктері (реконструкциялауға) келісім берген жоқ. Біз тамыз айында Рогозин мырзамен (Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин) жалпы Байқоңыр тақырыбы бойынша кездесуді жоспарладық. Қазіргі уақытта инвесторларды тарту тоқтатылды, өйткені ағымдағы инфрақұрылымды, резервтік алаңды іске қосуға осы да жеткілікті", – деді Мусин Парламент Сенатының кулуарында журналистерге.

Оның айтуына қарағанда, пилоттық жобаны іске қосуға деген белсенділік төмендеген.

Айта кетейік, 2019 жылғы маусымда Петербург экономикалық форумы шеңберінде "Роскосмос", Ресей тікелей инвестициялар қоры және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары арасында "Гагарин стартын" реконструкциялау туралы келісімге қол қойылды. Жаңғырту шамамен 90 долларға бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу