Байқоңыр ғарыш кешенінде қызметкерлер саны қысқарады

895

15 тамыздан бастап ЖҒИБО құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлер санын қысқартуға бағытталған "оңтайландырудың" тағы бір кезеңі басталды.

Байқоңыр ғарыш кешенінде қызметкерлер саны қысқарады

Байқоңыр ғарыш айлағында жыл соңына дейін қызметкерлер қысқарады деп жоспарланып отыр,  деп хабарлайды РИА Новости.     
"15 тамыздан бастап жердегі ғарыш инфрақұрылымдар нысандарын пайдалану орталығының (ЖҒИБО) құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлер санын қысқартуға бағытталған "оңтайландырудың" тағы бір кезеңі басталды", — деген агенттік дереккөзі.  
Жердегі ғарыш инфрақұрылымдары нысандарын пайдалану орталығының баспасөз-қызметі қызметкерлер санын қысқарту, оның ішінде Байқоңыр айлағындағы қызметкерлерді қысқарту туралы ақпаратты растады. 

Олардың берген ақпаратына сүйенер болсақ, тап қазіргі уақытта ғарыш айлағында жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтуде. Негізінен қайталанатын міндеттер жойылып, технологиялық процестер өзгертілуде. Осы шаралардың қорытындысы бойынша ғарыш айлағы қызметкерлерінің саны қысқаруы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу