Байқоңыр қаласында ресейліктер мен қазақстандықтардан құралған ҰҚТ мүшелері ұсталды

646

ҰҚК арнайы операция жүргізіп, бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында осы топтың мүшелерін қолға түсірді.  

Байқоңыр қаласында ресейліктер мен қазақстандықтардан құралған ҰҚТ мүшелері ұсталды Фото: gazeta.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ сондай-ақ, Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірлесіп Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды, деп жазады inbuisness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, арнайы операция барсында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшылары мен белсенді мүшелері ұсталған.

"Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды. Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген", - делінген хабарламада.

2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

"ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп айлар бойы тыңғылықты әзірлеп келген. Қазіргі уақытта сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде және қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу