Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін ерекше тәртіп енгізілуде

1315

Байқоңырға кіру № 1, 3, 5 бақылау-тексеру бекеттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Периметрді заңсыз кесіп өткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін ерекше тәртіп енгізілуде

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін ерекше тәртіп енгізілуде. Бұл жұмыстар алдымен қала маңындағы периметр қоршауының бүлінгенін жөндеу мен жоқ секцияларын түгендеуден басталмақ. Осылайша "Байқоңыр Байланыс Ақпарат" мамандары тәулік бойы бейнебақылау жүргізеді. 

Қалалық әкімшілік таратқан ақпарға сай Байқоңырға кіру № 1, 3, 5 бақылау-тексеру бекеттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Периметрді заңсыз кесіп өту кезінде ұсталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, қоршау бағандарын бұзғандар да материалдық шығынды өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу